2021 жылғы 30 сәуірде М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұрпағы» тақырыбында парламенттік пікірсайыс бойынша облыстық турнир өтті. Турнирге мектеп, ТжКБ және ЖОО командалары қатысып, 2 тілдік лигада ойнады. М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің «көшбасшылар» дебатерлер командасы орыс тіліндегі лигасының 12 команда қатарынан қатысты. Қатысушылар Журнаш Нұрбек пен Романюк Тимофейдің айтуынша, пікірталастар жастарды қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін, шешендік дағдыларын дамытуға, командада жұмыс істей білуге ықпал етеді. Ойын қызықты, әрі әсерлі өтті, дебатерлер үлкен білім мен тәжірибе жинақтады. Турнирдің нәтижесі бойынша команданың жартылай финалға шығуы мен Алғыс хаттармен мараппатталды.
Пікірталас үйірмесінің жетекшісі Е. В. Новикова